168 мыңға жуық бетперде Ресей мен Моңғолияға өткізілмек болған

12.03.2020 17:09

Құзырлы органдардың ақпаратына сәйкес, ұсталғандар жауапкершілікке тартылмаған

123ru.net

Аймақтық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 16 ақпан мен 11 наурыз аралығында маскаларды шетелге заңсыз жолмен 6 рет тасымалдау фактісі анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

39 жастағы Қазақстан азаматы 150 мың бетпердені Ресейге, ал 8 мыңға жуық масканы 27 мен 33 жас аралығындағы Моңғолияның төрт азаматы өз елдеріне өткізбек болған. Құзырлы органдардың ақпаратына сәйкес, ұсталғандар жауапкершілікке тартылмаған.