Тайвань жағалауында қуатты жер сілкінісі болды

23.03.2022 17:09

Оның ошағы 20 шақырым тереңдікте жатқан

ҚазАқпарат

Тайвань жағалауында магнитудасы 6,6 болған қуатты жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қытай сейсмологиялық орталығынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 01:41-де Тайваньның шығыс жағалауында магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Оның ошағы 20 шақырым тереңдікте жатқан. Жерасты дүмпулер эпицентрінің координаталары 23,45 градус солтүстік ендік және 121,55 градус шығыс бойлық. 

Жер сілкінісі магнитудасы 5,7-ге дейін жететін көптеген афтер дүмпулермен қатар жүрді. Соңғы рет 4,3 балл болған жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 05:41-де тіркелген. Оның ошағы 15 шақырым тереңдікте жатты. Жергілікті БАҚ цунами қаупі туралы хабарлаған жоқ.