Бойжеткен терезеден құлап мерт болды

04.10.2023 17:09

Астанада оқыс оқиға тіркелді

t.me/myastanacity/ бейне кадрлары

Астанада көп қабатты үйден қыз бала құлап мерт болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Оқиға туралы ақпарат Telegram-арналардың бірінде пайда болды.

Астана қаласы Тұран даңғылы бойында орналасқан тұрғын үй кешенінің терезесінен бойжеткен жерге құлап ес жимастан көз жұмды. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полция қызметі шақырылды.

Мәселенің мән-жайы анықталуда.

Оқи отырыңыз:Қандай белгілер сүт безі қатерлі ісігін көрсетеді