Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешенінен өрт шықты

03.05.2020 в 17:10

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

иллюстрированное фото из открытых источников

Нұр Сұлтандағы «Айсанам» тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады. 

«2 мамыр күні кешкі сағат 21:52-де Мәңгілік ел даңғылындағы «Айсанам» тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт сегізінші қабаттағы пәтердің балконынан шыққан және өрт сөндірушілер келген кезде, тілсіз жау тоғызыншы қабаттағы пәтердің балконына тарала бастаған», - делінген хабарламада. 

Белгілі болғандай, өрт сөндірушілер тілсіз жауды 22:10-да ауыздықтаған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.