Іздестіру шарасы барысында әйел қаладағы пәтерлердің бірінде өлі табылды
Петропавлда жоғалып кеткен 31 жастағы әйелдің денесі табылды. Қылмысқа күдікті ретінде ер адам ұсталды, деп жазады sn.kz
Марина Попова 6 сәуір күні 2 баласын туыстарына тапсырып, кетіп қалған. Алайда ол ертесі қайта оралуы тиіс болған. Туыстары келіншектен хабар ала аламаған соң құқық қорғау органдарына хабарласқан.
Іздестіру шарасы барысында әйел қаладағы пәтерлердің бірінде өлі табылды.
Қылмысқа күдікті ретінде 31 жастағы бұрын сотталған ер адам ұсталды.
Тергеу жүргізіліп жатыр. Әйелдің не үшін өлтірілгені анықталуда.