«Салафизм ағымында»: көкшетаулық әйел өзін діндар азаматтың зорлағанын айтып шағымданды

11.04.2019 17:24

Күдікті бұған дейін ұрлық және алаяқтық жасағаны үшін сотталған

Көрнекі фотосурет

Көкшетауда 30 жастағы келіншекті зорлады деген күдікпен «діндар» ер азамат ұсталды. Жәбірленуші полицияға өзі келіп, намазхан жігіттен зәбір көргенін айтқан деп жазады Nur.kz.

Жас келіншектің айтуынша, өзін зорлаған ер адам салафизм ағымын ұстанушы екенін жеткізген. Ол сақал қойған және намаз оқиды дейді арызданушы.

Ақмола облысының полицейлері дереу қылмыстық іс қозғап, 1976 жылғы ер азаматтың үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Анықталғандай, «діндар» азамат бұған дейін де сотталған екен.

«Полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 1976 жылғы Көкшетау тұрғынын ұстады. Ол бұған дейін бөтен адам мүлкін ұрлау мен алаяқтық үшін сотталған. Сонымен қатар, күдікті "салафизм" деструктивті діни ағымын ұстанушы екені анықталды» , - деп хабардар етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.