Баянауылда екі жасар бала трактордан құлап, көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден
Тексеру жүргізіліп, сараптама тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Баянауыл ауданында екі жасар бала трактордан құлап, көз жұмды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 шілде күні сағат 15:30-да Баянауыл ауданы Қаражар ауылында үйдің ауласында 2019 жылы туған бала «МТЗ-82» тракторының салонынан жерге құлап түскен.
«Сәби ауруханаға жатқызылды. Өкінішке қарай, алған жарақатынан есін жимастан көз жұмды. Кәмелетке толмаған балаларды бірнеше секундқа да қараусыз қалдырмаңыз. Балаға бір жерге көтерілуге немесе жүгіруге 10-20 секунд жеткілікті. Әсіресе кішкентай балаларды назардан тыс қалдырмаңыздар»,– делінген хабарламада.
Тексеру жүргізіліп, сараптама тағайындалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
02.10.2026 10:15
Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған фестиваль өтті
01.10.2026 20:15