Есіл өзенінде мұз жарылып, ер адам суға кетті
Оның қалай қайтыс болғаны тексеріліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақмола облысында ер адам Есіл өзенінде мұз жарылып, суға кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"19 қарашада Ақмола облысы Атбасар ауданы Тельман ауылынан екі шақырым жердегі Есіл өзенінен ТЖД күштерімен 1954 жылғы ер адамның денесін судан алып шықты", - делінген ТЖ Комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Куәгердің айтуынша, ер адам мұз үстінде жүргенде, мұз жарылған. Оның қалай қайтыс болғаны тексеріліп жатыр.
ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға қазір мұз үстінде жүру қауіпті екенін ескертеді. Күздегі мұз қараша мен желтоқсан аралығында аса қатпайды екен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36