Алматы-Көкпекті-Көктал тасжолында көлік апаты болып, бір адам көз жұмды
kris_p
Қажетті сараптамалар тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы-Көкпекті-Көктал тасжолында автобус пен екі жеңіл көлік соғысып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«9 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданында автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысты. Hyundai Getz көлігінің жүргізушісі Алматы-Көкпекті-Көктал жолының 42 шақырымында қарсы бағыттағы Saz Le-60 автобусына соғылды. Соққының қатты күшімен автобустан кейін ол Audi A4 көлігімен қақтығысады. Оқиға орнында Hyundai Getz көлігінің 34 жастағы жүргізушісі мерт болды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қажетті сараптамалар тағайындалды, іс ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
09.11.2026 17:15
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39