Павлодар облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
polisia.kz
Екі жүргізуші ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Павлодар облысында жол-көлік апаты салдарынан 3 жолаушы қаза тауып, екі жүргізуші жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 7 қазан күні сағат 22.00-де Ақсу өңірінің Сырлықала ауылының жанында болған. «Ленинский – Курчатов» автожолының 55-шақырымында 40 жастағы «Нива» көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, сол бағытта жол жиегінде тұрған «КамАЗ» 5320 машинасының тіркемесімен соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан Нива автокөлігінің 40, 12 және 6 жастағы үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екі жүргізуші ауруханаға жеткізілді», - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30