Ең бай бизнесмендердің бірі ұшақ апатынан көз жұмды

Ең бай бизнесмендердің бірі ұшақ апатынан көз жұмды
Апатқа бақылаудан айырылу немесе техникалық ақаулық себеп болуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейлік S7 компаниясы қожайындарының бірі және директорлар кеңесінің басшысы Наталья Филева мен оның әкесі Германияда ұшақ апатынан қаза тапты. Ұшақтың құлауынан «Глобус» әуе компаниясының ұшқышы да көз жұмған, деп хабарлайды Sputnik.

«2019 жылдың 31 наурызында «Эгельсбах» әуежайында (Франкфурт-на-Майне) Epic-LT жеке ұшағымен қону кезінде S7 Airlines акционері Филева Наталия Валерьевна 55 жасында көз жұмды. Трагедияның мән-жайы әзірге белгісіз», - деп атап өтті компания.

Ұшақ апатын тергеумен ресейлік мамандардың қатысуымен халықаралық комиссия айналысады. Неміс ұшу қауіпсіздігі қызметі апатқа бақылаудан айырылу немесе техникалық ақаулық себеп болуы мүмкін деп болжап отыр.  

«Ұшқыш бақылаудан айырылып қалған немесе техникалық ақаулық болуы мүмкін. Әзірге нақты ештеңе айтуға болмайды», - деп мәлімдеді ведомство.

Наталья Филева S7 тобының директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Өткен жылы ол Forbes нұсқасы бойынша бай ресейлік бизнесмендердің рейтингіне кірді. Оның дәулеті 600 миллион долларға бағаланды.


Новости партнеров