|
22.01.2020 | 12:20
6905

Қарағандыда қайғыдан қан жұтқан ана тағы бір ұлынан айрылды

Бала туғаннан аяқ-қолы тартылып қалатын болған, сондықтан үнемі ауруханада жатқан

Қарағандыда қайғыдан қан жұтқан ана тағы бір ұлынан айрылды patriotkaragandy

Қарағандыда үш жасар баласын өлтіріп кеткен Ника Васильева тағы бір ұлынан айрылды, деп хабарлайды zakon.kz Инстаграмдағы patriotkaragandy парақшасына сілтеме жасап.

Ваня қайтыс болған 3 жасар Максимнің жанына жерленді. Олардың зиратта бір қоршауы бар.

10 айлық сәбиді кісі қолынан қаза тапқан 3 жасар ағасы Максимнің жанына жерледі. Ол Шет ауданы, Бирма ауылындағы Никаның анасының, яғни нағашы апасының үйінде қайтыс болды. Сәби 2019 жылы 17 ақпанда дүниеге келген. Оның денсаулығында кінәрат болып, үнемі аяқ-қолы тартылып қалатын болған, сондықтан ол үнемі ауруханада болды.

Баланың анасы Ника Васильева арасында ауруханадан сұранып шығып, үйіндегі үш жасар Максимнің тәрбиесімен айналысқан. Екі баланың әкесі екі бөлек.

Нәрестенің емінен бөлек, ол Игентай Сопыжановпен қарым-қатынаста болған, ер адам арадағы өзара жанжал кезінде үш жасар Максимді ұрлап, өлтірген.

Бүгін, 21 қаңтарда Сопыжановқа сот өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол судья мен қазылар алқасына: «Алланың атымен ант етемін, сіздер шындықты білген кезде әлі өкінетін боласыздар», – деді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

младенец
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир