Стоматологиялық клиниканы тексеру кезінде бірқатар заңбұзушылық анықталды
Тіс дәрігеріне барғаннан кейін комаға түскен қыз Нұр-Сұлтанда қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қаралы хабарды қыздың анасы Анастасия Зеленая Instagram парақшасында бөлісті.
8 қаңтарда қыздың анасы Анастасия Зеленая Facebook-те өзінің екі жасар қызы Нұр-Сұлтандағы стоматологиялық емханаға барғаннан кейін комаға түскенін жазған еді.
2019 жылдың 26 желтоқсанында Doctor Bro клиникасына 2,5 жасар қызымды қан жегі түскен тісін емдету үшін алып бардым. Баладан жалпы қан анализі алынып, коагулограммадан өтті. Одан басқа анализ алынып, сынама жасалмады, делінген бұрынғы жазбада.
Стоматологиялық клиниканы тексеру кезінде бірқатар заңбұзушылық анықталды.