Полицей қызметкерлерлері қызды ата-анасына табыстады
Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жоғалған қызды іздестіруге Ордабасы АПБ-нің толық құрамы, оның ішінде кезекші полицейлер, учаскелік инспекторлар және жедел-іздестіру қызметкерлері жұмылдырылған. Ордабасы аудандық полицей қызметкерлерлері шұғыл іздестіру шараларын жүргізуінің нәтижесінде, жоғалған қыз табылып, ата-аналарына қайтарылды», - дейді хабарламада.
Қазіргі таңда полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.
Айта кетейік, Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға өз балаларын қараусыз қалдырмай, қырағы болуға кеңес береді. Ал егер бала жоғалған жағдайда, міндетті түрде «102» жедел телефоны арқылы полицияның көмегіне жүгіну керектігін ескертеді.