Журналисті зорлап, тұншықтырып өлтірген азамат 30 жылға сотталды

23.04.2019 17:42

Сотқа тартылған айыпталушы өз кінәсін мойындаған

Болгария соты 21 жастағы Северин Красимировқа 30 жыл түрме жазасын кесті, деп жазады Азаттық.

Сот процесі 22 сәуірде Болгария солтүстігіндегі Русе қаласында аяқталды. Зорлау, өлтіру баптарымен сотқа тартылған айыпталушы өз кінәсін мойындаған.

Виктория Маринованың денесі былтыр 6 қазанда Руседе парк аумағында тұрған көліктен табылған. Полиция журналисті әуелі зорлап, сосын тұншықтырып өлтіргенін анықтады.

Прокурорлар журналист өлімінің оның кәсіби қызметіне қатысы жоқ деп мәлімдеді.