Ұзынағашта сарбаз өз басына оқ атқан

25.01.2019 00:30

Алматы облысында қатардағы жауынгер өзін-өзі атып тастады. Белгілі болғандай, оқыс оқиға кеше түнгі 2-лер шамасында Ұзынағаштағы әскери бөлімде орын алған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сарбаз сол күні қызметке түсіп, өзіне бекітілген қарумен басынан атып жіберген. Алған жарақаты ауыр болғандықтан, тілге келместен көз жұмды. Жауынгердің неліктен суицид жасағаны әлі белгісіз. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Марқұм 2018 жылдың маусым айында Астана қалалық Қорғаныс департаменті арқылы әскерге шақырылған екен.

«Аталған дерек бойынша Алматы әскери-тергеу басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қызметтік тексеру тағайындалды. Қатардағы Ұ. Қожанның өзін-өзу ату себептері қызметке қатысты емес. Ұлттық Ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қатардағы Қожанның туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – деді Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Данара БАЙМАҒАНБЕТОВА