ШҚО-да төрт бала иіс тиіп, ауруханаға түсті

11.04.2019 17:30

Оқиға Зайсан ауданында орын алған

иллюстративное фото

Бір үйдің төрт баласы иіс тиіп, уланып ауруханаға түсті, деп хабарлайды Алтайньюс.

Дәрігерлер қыздардың газдан уланғанын анықтады. 2009, 2011 және 2014 жылы туған үш қызда уланудың орташа деңгейі, ал 2018 жылғы кенже қызында жеңіл деңгейі анықталды. Қазір олар ауруханада ем-дом алып жатыр. 

Дәрігерлер оқиға туралы өрт сөндірушілерге хабар берген. Зайсан аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инспекторлары зардап шеккен қыздардың үйіне барып, оқиғаға қатты отын жағылатын пештегі ақау себеп болғанын анықтады. Үй иелерінің айтуынша, пештің мұржасы соңғы рет алдыңғы жылы тазартылыпты.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жылыту маусымы басталған кезден бері 80-нен астам адам иіс тиі уланған, оның ішінде 39-ы – балалар.