|
30.03.2020 | 12:25
1453

Түркістан облысында тәртіп бұзған букмекерлік кеңсе өкілін қамауға алды

Созақ ауданының полицейлері ауылдардың бірінде букмекерлік кеңсе адам қабылдап, жұмыс жасап жатқанын анықтады

Түркістан облысында тәртіп бұзған букмекерлік кеңсе өкілін қамауға алды

Түркістан облысы полицейлері төтенше жағдай кезінде тұрғындарға қызмет көрсеткен букмекерлік кеңсе әкімшісін қамауға алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін төтенше жағдай енгізілді. Десек те тұрғындар, оның ішінде кәсіпкерлер тарапынан әлі де болса мұны сезінбей, өзінің бас пайдасы үшін біршама адамның басын қосуына жол берген жайттар орын алып жатыр. Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет атқарады. Рейдтік жұмыстарды жүргізіп, қандай да бір адам көп жиналатын бас қосулар, той-жиындар, іс-шараларды өткізуге тыйым салып, қауіпсіздік шараларын қадағалайды.

Осындай кезекті рейд барысында Созақ ауданының полицейлері ауылдардың бірінде букмекерлік кеңсе адам қабылдап, жұмыс  жасап жатқанын анықтады. Полицейдің айтуынша, төтенше жағдай жарияланып, тыйым салынғаннан кейін ойын-сауық орындарының жұмысы тоқтатылу керек деп аталған букмекерлік кеңсеге бірнеше рет ескерту жасалған. Алайда кеңсе әкімшісі оған құлақ аспастан 23 наурыз күні адам қабылдап отырғаны белгілі болды.

”Қазақстан Республикасы Президентінің 15.03.2020 жылғы Жарлығының талаптарын өрескел бұзған аталмыш тұрғынға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимiн бұзу) бойынша хаттама түзіліп, аудандық соттың қаулысымен кінәлі деп танылып, бем тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", - деп жазылған хабарламада.

Түркістан облысы полицейлері ойын-сауық, сауда орталықтары мен кафе-бар, тойхана иелеріне ескертеді: төтенше жағдай кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, мүмкіндігінше көп адам шоғырлануына жол бермеңіздер. Бұл өзіңіздің де, өзгелердің де денсаулықтары үшін өте маңызды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир