Фоккер 100 ұшағының қара жәшігіндегі деректер оқылды

Фоккер 100 ұшағының қара жәшігіндегі деректер оқылды
Өздігінен жазғыш деректері оқиға хронологиясын қалпына келтіріп, апаттың нақты себебін анықтауға мүмкіндік береді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл туралы мемлекетаралық авиация комтетінің сайтында жарияланған. Барлық ақпарат тергеу комиссиясына берілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өздігінен жазғыш деректері оқиғаның хронологиясын қалпына келтіруге және әуе апатының нақты себебін анықтауға мүмкіндік береді делінген хабарламада. Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының стандарттарына – Чикаго конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес тексеруге әуе кемесін әзірлеуші және жасаушы мемлекеттің уәкілетті өкілі мен кеңесшілері қатысады. Голландияның уәкілетті өкіліне параметрлік жазба берілген. Комитеттің таратқан ақпарына сай, тексеру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша жұмыстар басталды. Мамандар апаттық ұшу кезінде әуе кемесінің нақты аэродинамикалық сипаттамаларын және оларға сыртқы факторлардың қаншалықты әсер еткенін анықтайтын болады.

Естеріңізге сала кетейін 27 желтоқсан күні Алматы маңында ұшақ апаты болып 12 адам опат болған еді.

Новости партнеров