Павлодар облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарушы Қуат Белгібаев пара алды деген күдікпен қамауға алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сонымен қатар, сот оның қарамағында істейтін - департаментте бөлім басшысы Марат Жанғазинді қамауға алу туралы санкция берді. Павлодар облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, шенеуніктер алдағы екі ай қамауда болады.
Оларға «адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша қорқытып алу жолымен пара алу» бабы бойынша айып тағылған. Осы баптың санкциясы бойынша, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның алпыс еселенген сомасынан жетпіс еселенген мөлшерде айыппұл салу не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Айта кетейік, осыған дейін ведомствоны басқарған Ернұр Байғұрманов 2018 жылы қыркүйекте аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған еді.