Өртенген аумақ 150 шаршы метрді құрайды
Төтенше жағдай департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, Рысқұлов даңғылында орналасқан «Petrol Asia» жанар-жағармай бекетінің алдымен касса залы өртке оранып, ол қасындағы техникалық қызмет көрсету орталығын шарпыған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Өртенген аумақ 150 шаршы метрді құрайды. Ал, оқыс оқиға орнына департаменттің 43 қызметкері шығып, жалынды өшірген. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.