Алматыда екі ер адамды көлік қағып кетті

10.11.2019 17:28

Автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен

Алматыда Райымбек даңғылының бойында автомобиль екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды tengrinews.kz  "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жаяу жүргіншілерді қағып кету оқиғасы "Саудакент" сауда орталығының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, Toyota маркалы көлігі шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Осы кезде рұқсат етілмеген тұста екі ер адам жүгіріп шыққан. Жүргізуші әрекет етіп үлгермеген болуы керек, ол екеуінде қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1975 және 1976 жылғы екі ер адам қаза тапты. Оларды қағып кеткен автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.