Көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
27 шілдеде сағат 23.00-ден 29 шілдеде сағат 07.00-ге дейін Абай даңғылынаң Жамбыл көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.
Оқи отырыңыз: Алматыда көшелердің бірі уақытша жабылады