Павлодарда туған әкесі 6 жасар қызының алқасын ұрлап кеткен

18.07.2019 17:29

Алқаның құны 200 мың теңге тұрады екен

Рavlodarnews.kz

Павлодарда ер адам туған қызының алтын алқасын ұрлап алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

40 жастағы ер адам туған қызын көруге келіген. Артынша ол 6 жасар қызының алтын алқасын ұрлап, қашып кетіпті. Белгілі болғандай, алқаның құны 200 мың теңге тұрады екен.

Полиция мәліметінше, 1983 жылғы тағы бір павлодарлық азамат дүкенде 9 жасар қыздың 2 мың теңге ақшасын ұрлап алып, артынша ізін суытқан.

Полиция аталған екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдіктілерді тұтқындау шаралары жүргізілуде.