Атырау мен Қарағанды облыстарында 65 жастан асқан адамдарға оқшаулануға кеңес берілді
Елімізде алты қала карантинге жабылды. Бүгіннен бастап Атырау, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай шаhарларының тұрғындарына артық қозғалыс жасауға шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Енді бұл қалалардың тұрғындары сыртқа тек азық-түлік пен дәрі-дәрмек алуға, банк қызметін қолдануға және жұмысқа бару үшін ғана шыға алады. Атырау мен Қарағанды облыстарында 65 жастан асқан адамдарға оқшаулануға кеңес берілді.
Сондай-ақ аталған қалаларда адам көп жиылатын жерлер, мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар мен басқа да мекемелер жұмысын уақытша тоқтатқан. Қоғамдық тамақтану орындары тапсырыс алып, үйге жеткізу жүйесінде жұмыс істейді. Ал Ақтауда бүгіннен бастап күшейтілген режим енгізілді.
Қала тұрғындары кешкі сағат 19:00-ден таңғы 08:00-ге дейінгі аралықта үйден шықпауы тиіс.