Маңғыстауда үш баланың анасы бір айдан бері табылмай жатыр
photocentra.ru
Ол жұмысқа кеткеннен кейін оралмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Маңғыстау облысында жоғалып кеткен 27 жастағы үш баланың анасы Жәния Абдуллаеваны бір айдан астам уақыт іздеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Аймақтық inaktau басылымының хабарлауынша, 29 қыркүйек күні Бейнеу ауылында жас келіншек үйінен шығып кеткен.
Туыстары ол Ақтауға кетуі мүмкін деп болжайды. Полицейлер әйел жоғалған күні Бейнеу-Маңғыстау пойызына билет сатып алғанын анықтады.
"Бойы - шамамен 160-165 см, ернінің үстінде меңі бар. Киімі: тізеге дейін сұр күрте, көк шалбар, қара етік", - деді полицейлер.
Хабар-ошарсыз кеткен адамның қайда екені туралы мәлімет білетіндер полицияға хабарласа алады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30