Алматыда тұрғындар көршісін өрттен құтқарды

polisia.kz
polisia.kz
Өрт ошағынан эвакуацияланған 25 литрлік газ баллонының жарылу қаупінің алдын алуға мүмкіндік туды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтар Бостандық ауданында тұратын көршісін өрттен құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Орбита-1 ықшамаудандағы 10-үйден өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына жеті минутта келді, осы уақытта сегіз қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы зергерлік шеберханада қою түтін пайда болып, жоғары температура мен газ-ауа қоспасынан тарсылдаған дыбыстар пайда болды. Өрт сөндіру автоцистернасы дереу арада өрт гидрантына орнатылды, магистральдық сызық төселіп, көк жалында сөндіруге өрт оқпандары жіберілді.

Өрт ошағынан эвакуацияланған 25 литрлік газ баллонының жарылу қаупінің алдын алуға мүмкіндік туды. Оқиға орнына жиналған көпшіліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция наряды дер кезінде келіп, төтенше жағдай болған жерді қоршауға алды. Оқиға орнында болған куәгерлер өрт сөндірушілер келгенге дейін 30 жастағы ер адамды көршілері құтқарғанын айтты. Зардап шегушінің көмекке шақырған дауысын естіген көршілері – Ильяс Исаев, Мұрат Маженов және басқа көршілер металл есікті ашуға тырысқан, нәтиже болмады. Жанып жатқан үй-жайдан сыртқа шығу жолдары жабылып қалды.

Көршілер бірнеше рет әрекет етіп қолда бар құралдардың көмегімен темір торды жұлып алып, зардап шегушіні сынған терезе арқылы сыртқа шығарды. Дер кезінде көмек қолын созып, жауапкершілік танытқан тұрғындардың тапқырлығының арқасында адам өмірін сақтап қалды. Сегіз минуттың ішінде өрттің таралуы тоқтатылып, 22 сағат 59 минутта (алғашқы өрт сөндіру бөлімдері келген сәттен бастап 18 минутта) көк жалын толықтай жойылды.

Өрт салдарынан 1990 жылы туған ер адам күйіп қалды, жанған өнімдерден уланып және оң қолының шынтағынан күйік жарақатын алғандықтан жедел медициналық жәрдем қызметкерлерімен №12 ҚКА ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шегуші ауруханаға жатудан бас тартқандықтан үйіне жіберілді.

Новости партнеров