Қызылорда облысында көлік түйеге соғылып, бір адам көз жұмды
polisia.kz
Тағы бір адам ауруханаға жатқызылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қызылорда облысында көлік түйеге соғылды. Жол апатынан 1 адам көз жұмып, 1 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға «Қызылорда-Жалағаш» тасжолының Сырдария ауданы аумағында болған.
«Жол бойында «Мазда-626» автокөлігі түйе малын қағып кеткен. Жол апатынан 1 адам көз жұмып, 1 адам ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, тиісті сот сараптамасы тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
07.09.2026 16:45
Дәрігерлер шайды қашан ішу керек екенін айтты
06.09.2026 12:42
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.09.2026 18:10
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
06.09.2026 15:23
Ауырмаудың жолын іздеңіз: иммунитетті қалай күшейтуге болады
06.09.2026 17:32