ШҚО-да Спорт комитетінің бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысында Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары 380,8 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Шығыс Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметі Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарларын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамады.

«Сот олардың біріне қатысты бұлтарпау шарасын қабылдап, екі айға қамауға алды. Олар 300 орынға арналған оқу қорпусының құрылысын бөлінген ақшадан 380,8 миллион теңге жымқырған», - деді агенттіктің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.  

Новости партнеров