Жезқазған мыс қорыту зауыты өртке оранды

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Мыс қорыту цехындағы өндірістік процесс уақытша тоқтатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жезқазған мыс қорыту зауытында өрт шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«27 мамыр күні сағат 08-53-те «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ның Жезқазған мыс қорыту зауытында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Мыс қорыту цехындағы трансформатордың өртенетін бөлігі, шамамен 100 шаршы метр аумаққа төгілген май жанған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Мыс қорыту цехындағы өндірістік процесс уақытша тоқтатылды»,– деді Талғат Уәли.

Ресми өкілдің атап өтуінше, өртті сөндіруге Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 26 маманы мен 7 техникасы, сонымен қатар «Серіктес» ЖШС-нің өрт сөндіру қызметінің 13 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылған.

Новости партнеров