Көкшетауда жылу құбыры жарылып, үш адам қаза тапты
АиФ
Қазір үш адамның өлімі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Көкшетауда жылу құбыры жарылып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv
Қайғылы оқиға 2023 жылдың 2 қаңтарында көпқабатты үйлердің бірінде болған. Облыстық полиция департаментінің ақпарынша, пәтерде батарея жарылып, нәтижесінде үй ішінде болған 3 тұрғын қатты будан тұншығып, тіл тартпай кеткен. Тәртіп сақшылары аталған дерекке қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
«Тексеру барысында 50, 56, 59 жастағы үш әйелдің денесін тауып алды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне енгізілді. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, әйелдердің өлімі күйіктен болған жоқ. Сараптама тағайындалды», – деді Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30