Қостанай облысында 94 жастағы соғыс ардагері адам өлтіргені үшін сотталды
alau.kz
Иван Сурков 80 жастағы Николай Давыдовты гантельмен ұрып, пышақтаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі сотында Затобол кентінің 94 жастағы тұрғыны Иван Сурковқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған психиатрда мәжбүрлі түрде емделу тағайындалды. Сотталушы үкіммен келіспеген.
Оқиға 2018 жылы 21 тамызда болған. Иван Сурков 80 жастағы Николай Давыдовты гантельмен ұрып, пышақтаған. Зейнеткер қаза тапқан. Сотта ардагердің соғыс кезінде үш мәрте зақым алғаны айтылды.
2016 жылы оның үйіне қарақшылық шабуыл жасалған. Соттың айтуынша, осы жағдайлар зейнеткердің психикасына әсер еткен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41