Қостанай қаласының шағын аудандарының бірінде екі үйден өрт шықты, деп хабарлайды sputniknews.kz облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
27 ақпан күні кешкісін Ақсу көшесіндегі екі жеке тұрғын үй отқа оранды. Оқиға орнына 19 өрт сөндіруші мен 8 көлік аттандырылған.
«Қостанайдың Қостанай-2 шағынауданы Ақсу көшесінде сағат 17:00 кезінде ауданы 150 және 200 шаршы метр 5-ші және 7-ші үй өртенді. Өрт 18:50-де ауыздықталып, 19:03-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Бастапқы болжамға сүйенсек, өртке электр желісіндегі қысқаша тұйықталу себеп болған.
Естеріңізге сала кетсек, сол күні Таразда төрт қабатты үйде газ жарылып, салдарынан үш адам қаза тапқан еді.