Қоғамдық көлікте маскалық режимді бұзған жолаушы, кешірім сұрады

27.07.2020 17:42

Келеңсіз жағдай нөмірі 81-ші автобуста болған

Скриншот видеозаписи

Алматыда қоғамдық көлікте бетперде кимей отырған жолаушы қателігін мойындап, кешірім сұрады. Келеңсіз жағдай жақын күндері нөмірі 81-ші автобуста болған. Қоғамдық көлікке бетпердесіз кірген жігітке ескерту жасалса да, ол сапардың соңына дейін кимепті. Бүгін көптің сөзіне құлақ аспаған азамат ақылға келіп, дүйім елді маскалық режимді сақтауға үндеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал қалалық мобилділік басқармасы жолаушыны маскасыз қоғамдық көлікке кіргізіп, ал шу шыққан тұста дер кезінде әрекет етпегені жүргізушіге қатаң сөгіс жариялап, шілде айындағы сыйақысынан қақты. Оған қоса, видеодағы жігітті полиция департаменті тауып, әкімшілік жауапкершілікке тартқан.