Нұр-Сұлтан - Петропавл тас жолында жеңіл көлік аударылып, екі адам зардап шекті

07.07.2021 17:43

Көлікті 47 жастағы әйел тізгіндеген

Фото: пресс-служба

Нұр-Сұлтан - Петропавл тас жолында, Тойота маркілі автокөлігі аударылып, ішінде болған 9 жасар бала мен көлік жүргізушісі зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көлікті 47 жастағы әйел тізгіндеген. Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына машина дөңгелегінің жұлынып кетуі себеп болыпты. Қазір кішкентай қыз да, жүргізуші әйел де ауруханада. Автокөлік иесі енді «Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы, соның салдарынан адам денсаулығына зиян келтіру» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.