Алматыда екі жылдың ішінде 4 судья сотталды
express-k.kz
2019-2020 жылдары біздің департамент Алматы судьяларына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған төрт фактіні анықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда екі жылдың ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған 4 судья сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«2019-2020 жылдары біздің департамент Алматы судьяларына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған төрт фактіні анықтады. Өздеріңіз білесіздер, судьялардың ерекше иммунитеті бар. Наурызбай, Бостандық, Медеу аудандарының судьялары мен Бостандық аудандық азаматтық істер жөніндегі сот төрағасы қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нығметжан Сапаров.
Сонымен қатар, ол 4 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылып, кінәлі судьялар нақты мерзімге сотталғанын атап өтті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
08.10.2026 12:00
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
07.10.2026 23:05
Сұлтан, Омар, Осман: Түркістан облысында үшем дүниеге келді
07.10.2026 19:39