Қарағандыда 29 жастағы әйелді күйеуі қылқындырып өлтірген
Қолға түскен күйеуі әйелін ашу үстінде өлтіріп алғанын мойындаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағандылықтар 29 шілде күні қаладағы аудандардың бірінен қылқындырып өлтірілген қыздың денесін тауып алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оның денесін тауып алған адамдар бірден полицияға хабарласыпты. Қайтыс болған адамның кім екені тез анықталды. Ол 29 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күйеуімен азаматтық некеде тұрған екен. Полиция күдікті ретінде келіншектң жолдасын ұстаған.
Қолға түскен күйеуі әйелін ашу үстінде өлтіріп алғанын мойындаған.
Марқұмның туыстары болған оқиғадан хабардар. Марқұмның азаматтық некедегі күйеуі қазір тергеу изоляторында қамауда.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
23.11.2026 17:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.11.2026 08:10
Алматыда заңға бағынбаған жастар отшашу үшін айыппұл арқалап жатыр
23.11.2026 10:50
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
23.11.2026 10:20