«Үйінен адам сүйектері табылған»: ер адамның 37 жыл бұрынғы ауыр қылмысы ашылды
Әйелдің өзін өлтірмегені анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ұлыбританияда 86 жастағы фермер ұсталды, деп хабарлайды Sputnik.
Ол 1982 жылы өз әйелін өлтірді деген күдікке ілініпті. Әйелі осыдан 37 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалып кеткен.
Фермер көршілеріне жарының Испанияға аттанғанын, содан қайтып келмегенін айтқан. Алайда жергілікті тұрғындар, әйел өз-өзіне қол жұмсады деген ойда болған.
Тәртіп сақшылары 86 жастағы фермердің үйін тінтіп шығып, белгісіз адамның сүйектерін тауыпты. Ол септик резервуарында болған. Сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда полиция адам сүйектерінің осыдан 37 жыл бұрын жоғалған әйелге тиесілі екеніне сенімді.
Зейнеткер үйін сатып, көшіп кеткен. Оның мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52