Эскалатордан құлаған павлодарлық тұрғын ауыр жарақат алған

Vladitto/Shutterstock
Vladitto/Shutterstock
ҚР ҚК 306-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полиция қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, «Артур-2» сауда үйі бутиктерінің бірінің 30 жастағы сатушысы облыс орталығының №1 қалалық ауруханасына жатқызылды.

Қазір ол жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, кеуде қуысының соғылуы және іштің жарақаты диагнозымен политравма бөлімшесінде жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, сатушы екінші қабаттан эскалаторлар арасындағы кеңістікке құлау салдарынан зардап шеккен.

«Қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін жұмыстарды орындау фактісіне қатысты ҚР ҚК 306-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп атап өтті облыстық полиция басқармасында.

Өңірлік еңбек басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтауда.  

Новости партнеров