|
03.08.2020 | 12:50
960

Алексей Цой вице-министрдің ұсталуына қатысты пікір білдірді

2 тамызда Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұсталғаны белгілі болды

Алексей Цой вице-министрдің ұсталуына қатысты пікір білдірді ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұсталуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазір оған қатысты нақты ақпарат жоқ, себебі тергеу жүріп жатыр. Мен уәкілетті органдар өздерінде бар ақпаратты жеткізеді деп ойлаймын. Олжас Әбішев өз еркімен қызметтен кету туралы өтінішті алдыңғы аптада жазған. Сондықтан бұл мәселе қазір қарастырылып жатқан жоқ. Егер шешім шықса, ол қызметінен босатылады», – деді Цой ОКҚ брифингінде.  

Еске салайық, 2 тамызда Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұсталғаны белгілі болды.

«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ҚР денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевті ұстағанын растайды», – делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир