Тауып алған адам баланы үйіне апарып, жедел жәрдем қызметін шақыртқан
Атырауда дәрігерлер кәріз құбыры маңына тастап кеткен жаңа туған нәрестенің өмірі үшін арпаласуда, деп хабарлайды Stan.kz.
Қала тұрғыны 15 қаңтар күні "Авангард" ықшамауданындағы кәріз коллекторының үстіне тұрғызылған күркенің жанында жылап жатқан нәрестенің даусын естиді. Жақындап барса, расымен де әлдебіреу сәбиді сол маңға қалдырып кетіпті. Тауып алған адам баланы үйіне апарып, жедел жәрдем қызметін шақыртқан.
«Жаңа туған қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Дәрігерлер қолдарынан келгенше тырысып бағуда», - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.