Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларына айыппұл салынды

04.09.2020 17:55

Алматы әуежайына 4,4 миллион теңгеден астам айыппұл салынған

holanews.kz/aikyn.kz

Санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін әуежайларға айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі StopCov | ALMATY Telegram-каналына сілтеме жасап.

Келетін және кететін жолаушылар үшін бөлек дәліздер ұйымдастырылмаған, тіркеу және отырғызу кезінде жолаушылар арасындағы арақашықтық сақталмаған, терминалда дезинфекциялық төсеніштер төселмеген, ал перрондық автобус жүргізушілерінде қорғаныс құралдары жеткіліксіз болған.

Елорда әуежайы 2,2 миллион теңге сомасында айыппұл төледі.

Алматы әуежайына 4,4 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Сондай-ақ, карантиндік нормаларды сақтамағаны үшін Air Astana және Scat әуе компанияларына айыппұл салынды.