|
18.09.2020 | 12:38
2289

Алматы облысында жас жігіт 65 жастағы әйелді ұрып, тонап кетті

Ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды

Алматы облысында жас жігіт 65 жастағы әйелді ұрып, тонап кетті polisia.kz

Алматы облысының Текелі полициясы көше тонаушысын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Текелі ҚПБ кезекші бөліміне 65 жастағы жергілікті тұрғын орталық саябақта сағат 18.30 шамасында белгісіз ер адамның шабуыл жасағаны туралы арызданған. Күдікті азаматшаның бетінен ұрып, жеке заттарынан басқа ұялы телефоны мен ақшасы бар сөмкесін тартып алған. Жалпы шығын сомасы 76 мың теңгеден асып отыр. Аталған дерек ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. 

Ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол бұған дейін де қарақшылық, ұрлық үшін бірнеше рет сотталған, Қаратал ауданы Қаратал ауылының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Жәбірленуші жәдел әрі сапалы қызметі үшін тәртіп сақшыларына шын жүректен алғысын білдірді. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир