Өрт тұрғын үйдің төбесіне дейін жеткен
14 қыркүйекке қараған түні Алматыда кафе өртеніп, өрт тұрғын үйдің төбесіне дейін жеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 1:15-те өрт туралы хабар келіп түскен. Осы уақытта Түрксіб ауданы Сүйінбай даңғылы, 567 мекенжайында орналасқан жазғы алаңы бар бірқабатты «Кахури» кафесінде өрт шыққаны анықталды.
«Кафенің ішкі жағы ағаштан жасалған, бұл өрттің тез таралуына себеп болды. Жақын маңдағы үйлерді қорғау үшін шұғыл түрде оң және сол жағынан екі әскери бөлім құрылды. Кафеден 50 литр газ баллоны шығарылды. Осылайша өрт сөндірушілер жарылыс қаупінің алдын алды. Өрт 24 минут ішінде сөндірілді, 465 шаршы метр аумақ өртенген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Ол кезде кафе жабық болған», – деді Алматы ТЖД баспасөз қызметі.