Жамбыл облысында жолаушылар пойызы мен автокөлік соқтығысты
POLICE_of_KZ
Салдарынан 6 адам көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жамбыл облысында жолаушылар пойызы мен автокөлік соқтығысып, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Обылстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін, 1 қараша күні сағат 8.55 шамасында болған.
«Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Көлік апатының салдарынан 6 адам қаза тапты», - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31