|
10.01.2020 | 12:55
2210

Өз баласының қолын байлап, аузын жауып қойған әйел табылды

Азаматтық некедегі бұрынғы әйелінің 2017 жылғы балаға қысым көрсететінін айтқан

Өз баласының қолын байлап, аузын жауып қойған әйел табылды https://kaz.tengrinews.kz/events/turkstan-oblyisyinda-sheshes-oz-balasyin-baylap-auzyin-304077/


Түркістан облысында өз баласының қолын байлап, аузын жауып қойған әйелді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиғаның видеосын Facebook желісінде Айгүл Орынбек жариялады. Видео кадрларынан баланың еденде отырғанын көруге болады, қолы бинтпен оралған. Аузын шүберекпен жауып тастаған. Ролик авторы баладан «Не қылды, балам?» деп сұрайды. Осы кезде әйелдердің жанжалы естіледі.

«8 қаңтарда Сарыағаш аудандық ПБ-на жергілікті тұрғын хабарласып, азаматтық некедегі бұрынғы әйелінің 2017 жылғы балаға қысым көрсететінін айтқан. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау») бойынша тіркелді. Соталды тергеу барысында бұл әрекетке қатысы барлар анықталады», - деп хабарлады полициядағылар.

Айта кетейік, ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша әйелге 160 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін, 40 тәулікке қамауға алу немесе 160 сағатқа түзеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Сондай-ақ оны үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруы мүмкін.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир