Журналист Шоқан Алхабаев баспасөз өкілі екенін білдіретін арнайы куәліксіз жүріп, тәртіпсіздікті күшпен тоқтату кезінде оқиға ошағына тым қатты жақындап кеткен. Бұл жағдай үшін кешірім сұраймын, деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Ол материалдармен таныстым. Оқиға Сайран автовокзалының жанында болған. Журналист түнде баспасөз өкілі екенін білдіретін белгілерінсіз жүріп, тәртіпсіздікті күшпен тоқтату кезінде оқиға ошағына тым қатты жақындап кеткен. Не бейджигі, не арнайы жилеті болмағандықтан, полицейлер оны ұстап әкеткен. Кейін оның кім екені кейін анықталған соң барып, босатылды. Мен Ішкі істер министрлігі атынан осы оқиға үшін кешірім сұраймын, бірақ бұл жерде баспасөздің де кінәсі бар. Біз журналистің журналист екенін білуіміз үшін оның арнайы белгілері болуы керек», – деді Қожаев.