|
18.01.2020 | 12:55
5968

Алматылық полицейлер таудан жоғалған шетелдікті құтқарды

45 жастағы түрік азаматының өз көлігімен Үлкен Алматы көліне маңына кетіп қалған

Алматылық полицейлер таудан жоғалған шетелдікті құтқарды arhiv.kp.kz

Алматы тауларында полицейлер Үлкен Алматы көліне серуендеуге шыққан шетелдікті құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«17 қаңтар күні Алматы қаласның Полиция департаментінің Жедел басқарма орталығына 45 жастағы түрік азаматының өз көлігімен Үлкен Алматы көліне маңына кетіп, байланысқа шықпағаны туралы хабар келіп түскен. Бірден жоғалған азаматты табу үшін іздеу шаралары ұйымдастырылды. Іздеуге ПД-ның жеке құрамы бағытталды. Іздеу шаралары барысында «Тойота Раф-4» маркалы автокөлік Үлкен Алматы көлі алдындағы жол жиегінен табылды», - деп атап өтті полицияда.

Көліктің ішінен ешкім табылмаған. Полицейлер іздеуді одан әрі жалғастырған. Нәтижесінде бүгін, 18 қаңтарда сағат 11:00 шамасында Алматы қалалық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері автокөліктен үш шақырым жерден үсік шалған азаматты тірі күйінде тауып алған.

«Полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде қайғылы оқиғаның алдын алдық. Ер адамды жедел жәрдемнің дәрігерлеріне тапсырдық. Серуендеп жүрген кезінде оның қарға батып, шыға алмай қалғаны анықталды. Шетелдік азамат өз бетімен шығуға әрекет жасаған: бұтақтар төсеген, көлік дөңгелегінің астын қазған, бірақ бұл көмектеспеген. Автокөліктен шығып, ол көмек іздеуге кетіп, адасып қалған», - деп хабарлады полицияда.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир