Мойнында пышақ ізі болған: Астанада қайтыс болған дәрігер өліміне қатысты іс қозғалды

Мойнында пышақ ізі болған: Астанада қайтыс болған дәрігер өліміне қатысты іс қозғалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен демалыста Астанада президент істері басқармасының медицина орталығы ауруханасының басшысы Амир Ахетов өмірден озды. Оның өліміне не себеп болғаны ресми түрде хабарланған жоқ, деп жазады Stan.kz  Время Газетіне сілтеме жасап.

Кейбір БАҚ өкілдері басшының жүрек талмасынан мерт болғанын жазды. Енді оның мойны кесіліп жарақат алғаны, тамыры зақымданғаны белгілі болды. Дәрігерге мұндай жарақатты кім салды? Бұл мәселені полиция тексеріп жатыр.

Амир Ахетов өз ісінің маманы еді. Ол 17 жасында Сызғанов атындағы институтта санитар болып мансабын бастап еді. Кейін Мәскеу мен Алматыда оқыды.

Жедел жәрдем қызметінде, қалалық ауруханада жұмыс істеді. Жеке секторларды қызмет етті. 40 жасына толмаған шағында президент басқармасының медицина орталығы ауруханасының басшысы болды.

Ғылыми жұмыспен айналысып, дұрыс тамақтанбау, отырып жұмыс істеу, зиянды әрекеттерге әуес болудың зияны жайлы жазды.

Осындай жұмыс атқара жүріп өзіне қол салу деген нұсқа күмән туғызады.

Дәрігерді қансырап жатқан жерінен жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізген. Жарақат салған пышақты полицейлер асүйден тапқан. Оны жуып тастаған. Оны кім жасауы мүмкін? Бұл орайда сұрақ көп.

Бұл тұрғыда кінәлі жанды жазасыз қалдыруға болмайды. Егер бұл іске әлдекімнің кінәсі болса, ол міндетті түрде жазалануы тиіс.

Амир Ахетов емделген науқастарның есінде мәңгі қалады. Марқұм 50 жасқа да толмаған шағында өмірмен қоштасты.


Новости партнеров