Жол-көлік оқиғасы: Алматыда мас жүргізуші қамауға алды

24.10.2020 18:30

Aпат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ

Polisia.kz

Алматыда мас күйінде көлік қолданған жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Aпат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

«Бұл жол-көлік оқиғасы күндізгі сағат 11.00  шамасында Қабанбай батыр көшесінің бойында болған. «Хонда» көлігінің жүргізушісі шығысқа қарай бара жатып, жол бойымен келе жатқан «ВАЗ» автокөлігімен соқтығысқан. К.есімді азаматты патрульдік экипаж сот-наркологиялық сараптамаға алып жүрді. Медициналық сараптама оның орташа дәрежеде ішімдікке масаң күйде екенін анықтады. ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шарипов.